меню
Іздеу
Жұмыспен қамту және мансап бөлімі

Шарипов Қадірбек Сұлтанбекұлы
Бөлім меңгерушісі


Адрес: Алматы қ-сы, Жетысу-1 ықшамауданы, 32а
Рабочий телефон: (727) 376-74-78 (вн 516)

E-mail:  kadyrbek.sultanbekovich@mtgu.edu.kz

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері

Бөлімнің мақсаты түлектерге мансапты дамыту, жұмыс орнында бейімделу мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады. Түлектерге кәсіби мансапты ойдағыдай құруға, жұмысқа орналасу мүмкіндігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құзыреттерін кеңейтуге көмектесу.

Университет түлектерін жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері:

  • университет түлектерін жұмысқа орналастыру саласында білім беру ұйымдарымен, кәсіпорындармен және мекемелермен өзара іс-қимыл орнату;
  • университетте кейіннен жұмысқа орналасу үшін университеттің кадр резервін (оның ішінде университет түлектерінің контингентінен) құру қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • адам ресурстарын басқару жүйесінде ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, технологиялары мен инновациялық әдістерін пайдалану негізінде университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Түйіндемені қалай құруға және армандаған жұмыс табуға болады

Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің түлектері еліміздің ірі мемлекеттік және жеке кәсіпорындарында жұмыс істеу үшін көлік, құрылыс саласында, экономика, IT технологиялар саласында қажетті дағдылары бар жоғары білікті мамандар болып табылады.

Қазақстан Республикасында жұмыс іздеуге арналған ресурстар

Жұмыс берушілерге

ҚҰРМЕТТІ ҰЙЫМДАРДЫҢ, КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ, ФИРМАЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫ!

Жұмысқа орналастыру және мансап бөлімі cіздің өтініміңіз бойынша кадрларды іріктеу, студенттер мен түлектермен кездесулер мен презентациялар ұйымдастыру, сізді қызықтыратын дайындық бағыттары бойынша бітіруші кафедралармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерінде сізге қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын. Осыған байланысты, cіздің ұйымыңыз үшін біз мыналарды ұсынамыз:

  • Табысты жұмысқа орналасу үшін сұранысқа ие құзыреттерді алу үшін сіздің ұсыныстарыңызды, тәжірибелеріңізді және тілектеріңізді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру кезінде бірлесіп әзірлеу;
  • Тәжірибе және жұмысқа орналастыру шеңберінде ынтымақтастық туралы шарттар жасасуға жәрдемдесу;
  • Біздің университетте cіздің ұйымыңыздың тұсаукесерін өткізу;
  • Сіздің өтініміңіз бойынша ХКГУ түлектерінен кадрларды іріктеу.
Құжаттар
Жұмыспен қамту 2021 жыл
Жұмыспен қамту 2022 жыл
Жұмыспен қамту 2023 жыл
Жұмыспен қамту 2024 жыл
Жұмыспен қамту 2025 жыл
Жұмыспен қамту мониторингі туралы ереже
Пайдалы сілтемелер