меню
Іздеу
Миссия

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласында жоғары сапалы бiлiм беру қызметтерiн көрсету, көлiк және коммуникация саласы үшiн кадрлар даярлауда ұлттық бiлiм беру кеңiстiгiндегi көшбасшылық, радиоэлектроника және телекоммуникация, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық және экономикалық аспектілері бойынша Болон процесінің қағидаттарын және заманауи халықаралық сапа стандарттарын енгізу арқылы.

Университет көзқарасы

«Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті» оқу орны көлік-коммуникация кешені саласында жоғары кәсіби мамандарды дайындау және көлік және телекоммуникация саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша Қазақстандағы танылған жоғары оқу орны болып табылады.

УНИВЕРСИТЕТ МАҚСАТТАРЫ

Университеттің стратегиялық мақсаттары:

1
Жоғары сапалы білім беру қызметтерін қамтамасыз ету:
  • өмір бойы білім алуды қамтамасыз ететін сапалы білім беру қызметтерін ұсыну;
  • студенттердің, магистранттар мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында еуропалық жоғары білім беру аймағына одан әрі интеграциялау;
2
Тәуелсіз ұлттық аккредиттеу рәсімінен өту:
  • кадр саясатын жетілдіру және профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби өсуін ынталандыру, магистрлер мен PhD докторларын даярлау арқылы кадрлық әлеуетті нығайту және біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметтерінің аясын кеңейту;
  • халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен халықаралық жобаларды дамыту;
3
Білім беру жүйесінің еліміздің ғылыми-техникалық және инновациялық саясатына сәйкестігін қамтамасыз ету:
  • білім беру, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру;

    іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми жобаларды мониторингтеу, ғылыми негіздеу және іске асыру;

  • студент жастарды дамыту үшін жағдайларды жақсарту, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық даму процесіне тарту;
4
Өмір бойы білім алуды қамтамасыз ететін білім беру қызметтерін ұсыну:
  • университет ғалымдарының аяқталған әзірлемелерін оқу үдерісіне және өндіріске енгізу;
  • ХКГУ-де оқуға дарынды жастарды іріктеу және кәсіптік бағдар дайындау жүйесін құру;