
ХКГУ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтерін көрсетеді.
Университет 2000 жылы жарғы, 2000 жылғы 15 маусымдағы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тіркеу № 33600-1910-У-е, сериясы № 0332485 және 2000 жылғы 15 маусымдағы статистикалық карточка негізінде "Қазақ қатынас жолдары университеті" мекемесі түріндегі коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым ретінде құрылды. Университет Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені, құрылыс және экономиканың басқа да салалары үшін мамандар даярлайды.
2023 жылы университет атауы Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті болып өзгертілді.
Университеттің 2025 жылдың 25 шілдесінде берілген № KZ79LAM00008865 мемлекеттік лицензиясы бар.