Жастар ісі жөніндегі комитет өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың құқықтарының сақталуын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
- Университеттің қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі басқару органдарының және қызығушылық клубтарының қызметін үйлестіру;
- Студент жастар арасында діни экстремизмнің, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;
- Қоғамдық-саяси, адамгершілік, этномәдени тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
- Темекі шегудің алдын алу және студенттер арасында шылым шегушілердің санын азайту, нашақорлықпен күресу мақсатында сауықтыру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
- Тілдер басқармасымен ынтымақтастық, мемлекеттік тілде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мәдениет элементтерін және шығармашылық дүниетанымын, үлкендерге құрметпен қарауды, моральдық-психологиялық әсер етуді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
- ҚДМ-ның күнделікті жұмысын тәрбие ісі жөніндегі проректор үйлестіреді;
- Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі мүмкіндіктерін дамыту, басқаларға деген ізгі ниеттілігін тәрбиелеу;
- Студенттердің студенттік өзін-өзі басқару жұмысына қатысуы (студенттер жиналыстарында), олардың университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
- Студенттер ұжымы арасында көшбасшыларды анықтау және Комитетті құру кезеңінде ұжым құруға жағдай жасау;
- Студенттердің жетекші топтарының басқару дағдыларын дамыту;