Тәуелсіздік күніне орай бүгін оқу орнымызда «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!» атты мерекелік іс-шара және Желтоқсан қаһармандарымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – тәуелсіздіктің тарихи маңызын дәріптеп, жастарымызды патриотизм рухында тәрбиелеу, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандарымызды еске алу болды.
Студенттер ерекше дайындалған: олар әсем ән салып, күй шертіп, поэзия оқыды және кеңес өкіметінің әділетсіз шешімдеріне қарсы шыққан қазақ жастарының ерлігін насихаттайтын сахналық қойылымдарды ұсынды.
Кездесуге арнайы қонақтар қатарында Желтоқсан қаһармандары, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қатысты. Құрметті қонақтар еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың рухын көтеріп, студенттерге тарихи жауапкершілікті түсіндірумен қатар, ұлттық құндылықтарды қадірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Мерекелік кешті ұйымдастыруға ат салысқан ОПУБ-24/9-1 тобына, кураторы Койшыбаева Жулдызай апай және ЛОГБ-24/9-1 тобы, кураторы Дәмен Алтынай апайға алғыс білдіреміз!