21.04.2025
Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасы ұйымдастырған “The Importance of English in my future profession” конференциясы

Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасы ұйымдастырған “The Importance of English in my future profession” конференциясы Халықаралық қатынастар мамандығында оқитын 1 курс студенттерінің қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Студенттер өз кәсіби болашағында ағылшын тілінің маңыздылығы туралы қызықты ой-пікірлерімен бөлісті.

Конференцияда ағылшын тілінің халықаралық коммуникациядағы рөлі, кәсіби әдебиеттер мен материалдарды түсіну, блогерлердің тіл үйренуге көмегі және жұмыс нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру сияқты аспектілер талқыланды. Дискуссия кезінде қатысушылар ағылшын тілін меңгерудің жеке адамға пайдасы және кәсібін дамытуға тигізетін әсерлері туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды.

Конференцияның нәтижесінде, студенттер ағылшын тілінің пайдасы мен қажеттілігін түсініп, болашақта оны үйрену мен дамытуға деген ынталарын арттырды.