2025 жылдың 24 сәуірінде Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде қазақ халқының ұлы перзенті, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған XXV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция салтанатты түрде өтті.
«Әлеуметтік –гуманитарлық және жаратылыстану ғылым пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен 48 студент өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынып, оның ішінде 22 студент конференция жұмысына белсенді қатысып, баяндамаларын қорғады.
Шара аясында Шоқан Уәлихановтың ғылым мен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесі, оның әлемдік өркениеттегі орны жан-жақты талқыланып, тың ғылыми тұжырымдар мен идеялар ортаға салынды.
Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етті.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, осындай ғылыми бастамалардың болашақта да жалғасатынына зор сенім білдіреміз!