меню
Поиск
03.08.2026
Университет студенті Димаш Мұса – садақ атудан Қазақстан чемпионы!

🏹 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🥇

Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің студенті Ділмұхамет (Димаш) Мұса @dimash_musa Орал қаласында өткен садақ атудан ересектер, жастар және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленді!

🏆 Димаштың жетістіктері:
🥇 Плей-офф кезеңі – І орын (алтын медаль);
🥈 Квалификациялық кезең – ІІ орын (349–352 ұпай).

🎯 Чемпионат 2026 жылдың 26 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Жастар» стадионында өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің 10 өңірінен келген 260-тан астам үздік садақшы өзара мықтыны анықтады.

Бұл чемпионаттың нәтижесі бойынша Олимпиада ойындарына, Әлем және Азия чемпионаттарына, сондай-ақ Әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына үміткерлер іріктеледі.

👏 Димашты айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата беруіне тілектеспіз!

Жеңісің құтты болсын, Димаш! 🇰🇿🏹🎉