меню
Поиск
08.05.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

8.05.2025ж Алматы қаласы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып жатыр. Осыған орай ұйымдастырылған қалалық сенбілікке біздің оқу орны да үлкен жауапкершілікпен атсалысты.

«Таза Қазақстан» акциясына әрдайым қолдау көрсетіп, экологиялық бастамаларға белсенді қатысамыз. Біз жастардың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту және табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарау қажет деп санаймыз.

Алматының тазалығы – барлығымыздың қолымызда! Ендеше, бірге тазалықты сақтап, қоршаған ортаға жанашыр болайық! Таза болса табиғат, аман болар адамзат!