меню
Поиск
03.10.2024
Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш

Бүгін ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында оқу орнымызда мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шарада президентіміз Омаров Амангелді Жұмағалиұлы ұстаздарды құттықтап, тілек білдірді.

Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған шараны ректор-проректор Тұрдалиев Әуезхан Тұрдалыұлы ашып, білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шара соңы студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.