Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 94- жылдығына арналған “Мұқағали - мәңгілік ғұмыр” атты әдеби сазды кешті университетіміздің 1 курс студенттері мен “Әлеуметтік - Гумантиарлық және Жаратылыс ғылым пәндері” кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған керемет кештің куәсі болдыңыздар!
Кеште студенттер, ақынның жырларын оқып, жас ақындарымыз арнау жырларын арнаса, өнерлі студенттеріміз ән мен биден шашу шашып, күмбірлеген күймен кешті қыздыра түсті. Кешке арнайы қонақ болып келген әнші қонақтарымыз тамылжыта ән шырқады.