🌍 Халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді!
Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті Қытай Халық Республикасындағы Хэбэй инженерлік университетінің Халықаралық мәдени алмасу және тілдік-мәдени қызметтерді зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл серіктестік:
🎓 студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға;
📚 бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға;
🧑🏫 халықаралық конференциялар, форумдар және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруға;
🤝 тәжірибе алмасу мен мәдени байланыстарды нығайтуға;
💼 студенттердің тәжірибеден өтуі мен кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Аталған меморандум MTGU-дың халықаралық байланыстарын кеңейтіп, білім мен ғылым саласындағы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалайды.
МТГУ халықаралық әріптестікті дамытып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!