меню
Поиск
01.03.2024
Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді.

Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі.

Себебі, Кеңес үкіметі кезінде көптеген ұлт өкілдері жер аударылған еді. Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді.

Алғыс айту - түрлі этностардың құтты қоныс, қасиетті қазақ жері мен қазақ халқының қонақжай қалпына шынайы тағзымның белгісі.