меню
Поиск
01.02.2024
1 ақпан - дүниежүзілік сайлау күні.

1 ақпан - дүниежүзілік сайлау күні.

Дүниежүзілік сайлау күні қоғамды демократияландыру және оның сана-сезімін арттыру үдерісінің қайтымсыздығын қамтамасыз етуге, ел халқын сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар етуге және жас сайлаушылар арасында жоғары азаматтық ұстанымы мен өз Отанының болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Осыған орай, 2024 жылдың 1 ақпанында Халықаралық көліктік гуманитарлық университетте «Құрылыс» мамандығы студенттерінің қатысуымен «Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылудың тиімді жолдары» тақырыбында жастардың саяси сауаттылығын дамытып, қоғамдық өмірге белсене қатыстыру мақсатында пікірталас ұйымдастырылды.

Шара барысында осындай маңызды үдерістегі жастардың рөлі өте зор екені, Қазақстанның гүлденіп, қуатты заманауи мемлекетке айналуы үшін ел халқының ең белсенді бөлігінің білімі мен күшін тиімдірек пайдалану туралы пікірлер айтылды.

«Жалын» фракциясының спикерлері 4 курс студенті Шолпанкулова Мадина;

3 курс студенті Нұрахмет Мейрамбек;

2 курс студенті Ашимбаев Тоқтар;

1 курс студенті Рүстем Дастан үздік өнерлерін көрсетті.

«Жас қыран» фракциясының спикерлері 4 курс студенті Сагатова Аруна мен 2 курс студенті Ашимбаев Тоқтар;

1 курс студенттері Шайақын Ақниет, Төлеген Айсұлтан жеңімпаз атанды.

Жастардың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.