2023 жылы университет «Халықаралық көлік-гуманитарлық университет» болып өзгертілді.
Университеттің 2025 жылғы 25 қыркүйектің № KZ79LAM00008865 қайта ресімделген мемлекеттік лицензиясы бар.
2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін университет президенті қызметін техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі – Омаров Амангелді Жұмағалиұлы атқарып келеді.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы көлік саласындағы мансаптық өсудің көптеген кезеңдерін бастан өткерген көлік жүйесіндегі жетекші ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлерден тұрады.
Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінде Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжі жұмыс істейді, бұл көлік-коммуникация кешенінде тапшы мамандықтарды, ал кейіннен университетте жоғары білім алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті бакалавриат үшін 6 оқыту бағыты (17 білім беру бағдарламасы), магистратура үшін 6 оқыту бағыты (23 білім беру бағдарламасы) бойынша кадрлар дайындайды.
ХКГУ «Қазақстанның өнеркәсіптік көлігі» журналын және Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінде тіркелген «Экспресс ТЗ» газетін шығарады.
Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті алыс және жақын шетелдердің бірқатар жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынастар орнатқан. Атап айтқанда: Caucasus University (Грузия, Тбилиси қ.), Cankiri Karatekin University (Түркия Республикасы, Чанкыры қ.), Karadeniz Technical University (Түркия Республикасы, Трабзон қ.), Nevsehir Haci Bektas Veli University (Түркия Республикасы, Невшехир қ.), Igdır University (Түркия Республикасы, Игдыр қ.), European University (Солтүстік Македония Республикасы, Скопье қ.), Альфраганус университеті (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.), Әлеуметтік білім беру академиясы (Татарстан Республикасы, Қазан қ.), Халықаралық бизнес және басқару академиясы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.), Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қ.), Иркутск мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей Федерациясы, Иркутск қ.), Ыстықкөл мемлекеттік университеті им. К. Тыныстанова (Қырғыз Республикасы, Қарақол қ.), И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.), Қырғызстан халықаралық университеті (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.) және басқа да шетелдік білім беру ұйымдары.
