Университетімізде ұзақ жылдар бойы “Көліктегі автоматтандыру және электрэнергетикасы” кафедрасында абыроймен қызмет еткен, өз ісінің нағыз шебері, білікті ұстаз, аға оқытушы Терекбаев Берікқазы Дүйсенұлы дүниеден өтті.
Ол өмірінің сан жылын студенттерге сапалы білім беруге, жастарға еңбекқорлық пен жауапкершілік үлгісін көрсетуге арнады.
Терекбаев Берікқазы Дүйсенұлы әріптестері арасында сыйлы, шәкірттерінің жадында ұлағатты ұстаз, ізгі ниетті жан ретінде сақталады.
Ол өз қызметінде жоғары кәсібилігімен, адалдығымен және адамгершілігімен ерекшеленді. Университет ұжымы үшін оның еңбегі мен есімі әрдайым құрметке лайық.
МТГУ ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.