МТГУ ұжымының өкілі Мылтықбаева Айгуль Тауарбековна Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бастамасымен және ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Талдау мектебі. Алматы» жобасының екінші кезеңіне өтті! 🎉
Аталған жоба жас мамандардың аналитикалық, стратегиялық ойлау және кәсіби қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру алаңы. Іріктеудің алғашқы кезеңінде 218 өтінімнің ішінен 107 қатысушы келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Аталған жобаға қатысу тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар университетіміздің кәсіби әлеуетін арттыруға, жаңа серіктестіктер орнатуға және заманауи тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.
Әріптесіміз Айгуль Тауарбековнаға алдағы сұхбат кезеңінде сәттілік тілейміз және жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🚀