меню
Іздеу
21.07.2026
Құрметті қонақ - Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде

Құрметті қонақ - Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде!

Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Рамазан Стамғазы @ramazan_stamgazy қонақта болды.

Құрметті қонағымыз университеттің білім беру үдерісімен, оқу ортасымен және материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Ел мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның университетімізге арнайы келуі біз үшін үлкен мәртебе. Осындай зиялы қауым өкілдерінің жоғары бағасы мен жылы лебізі ұжымымызға даму жолына үлкен серпін береді.

Құрметті Рамазан Стамғазыұлына сапары үшін алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейміз!