✨ Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетіндегі үлкен қуаныш! ✨
🎖️Біздің ардақты ұстазымыз, профессор Шалқаров Әбдіәшім Әбжаппарұлы 2025 жылғы 28 шілдедегі Жарлық бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан “Құрмет” орденін алды.
🏆Бұл — ұстазымыздың ғылыми еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, университетіміздің мәртебесін көтерген зор жетістік.
🌟 Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттап тұрып, ең алдымен, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады. Көлік саласын дамытуға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға қосқан ерекше үлесі үшін Шалқаров Әбдіәшім Әбжаппарұлына мемлекеттік награда табыстады.
Бұл — тек жеке жетістік емес, бүкіл университетіміздің мақтанышы. Бүгінгі студенттеріміз осындай беделді ғалымнан дәріс алса, басқа оқытушыларымызға да үлкен жігер мен шабыт береді.
Құрметті Әбдіәшім Әбжаппарұлы! Сізге шығармашылық табыс, ғылым мен білім жолындағы еңбегіңізге толағай жеңістер тілейміз!