Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күні біздің университетте ерекше рухпен, қызу тартысқа толы жағдайда өтті.
Бұл күні студенттер ләңгі тебу, қол күрес, арқан тартыс, бұқа тартыс және гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынап, ептілік пен күштің, жігер мен намыстың нағыз көрінісін паш етті.
Жарыс барысында қатысушылар тек жеңіске ұмтылып қана қоймай, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, бірлік пен достықтың үлгісін көрсете білді. Әрбір сайыс көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттырды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұл күн ұлттық спорттың мәртебесін көтеріп, жастардың бойында рух пен патриоттық сезімді нығайтқан жарқын шара ретінде есте қалды.
https://www.instagram.com/reel/DWGvM4AjIz7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==