меню
Іздеу
21.03.2026
Наурыз мейрамымен тұспа тұс MTGU University-дің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті.

Наурыз мейрамымен тұспа тұс MTGU University-дің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік жиында университеттің жүріп өткен жолы, жетістіктері мен жарқын болашағы кеңінен насихатталып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сахна төрінде студенттер мен өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән мен домбыра үні кештің сәнін келтірді.

Мерейтой аясында университеттің дамуына зор үлес қосып келе жатқан ұстаздар мен қызметкерлер ерекше құрметке ие болды. 15–25 жыл және 10–15 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерге алтын және күміс медальдар табысталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.

Сонымен қатар, ректорымыз Турдалиев Әуезхан Тұрдалыұлы мырзаның 70 жас мерейтойына орай арнайы алғыс хат табысталып, еңбегі мен үлесі жоғары бағаланды.

Барша ұжымға атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да бірге дамып, жаңа белестерді бағындыра берейік деп тілейміз! 🎉🤝

https://www.instagram.com/reel/DWIxmMxDBTE/?igsh=ODR5bGFoeGM4Nmxk