MTGU проректоры халықаралық гранттық байқаудың келесі кезеңіне өтті
Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD докторы Айгүл Мылтықбаева Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық зерттеу гранты бойынша іріктеу кезеңінің онлайн-сұхбатына қатысты.
Халықаралық сараптамалық орталық CAPS Unlock ұйымдастырып отырған гранттық бағдарлама халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Орталық Азия өңіріндегі өзекті үдерістерді зерттеуге бағытталған ғылыми жобаларды қолдайды.
Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша Айгүл Мылтықбаева келесі кезеңге өтіп, халықаралық сарапшылармен сұхбаттасуға шақыру алды. Сұхбат кезінде үміткердің ғылыми-зерттеу тәжірибесі, кәсіби қызметі және Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және жаңа ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Айгүл Тауарбековнаны кезекті жетістігімен құттықтай отырып, байқаудың алдағы кезеңдерінде сәттілік пен жаңа ғылыми белестер тілейміз!
🎓 MTGU – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолында.