🎉 МТГУ оқытушылары республикалық деңгейдегі жас сарапшылар бағдарламасына іріктелді!
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Құрылымдық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның өңірлік дамуы: талдау және шешімдер – 2026» бағдарламасына қатысушылар анықталды.
Конкурстық іріктеу нәтижесінде Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің оқытушылары Мылтықпаева Айгүл Тауарбекқызы мен Бақыт Балдаурен Хасенқызы бағдарлама қатысушыларының қатарына енді.
Бағдарлама жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдамалық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың тренингтері мен семинарларына қатысып, менторлардың жетекшілігімен аналитикалық зерттеулер әзірлейді.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!