🎓 МТГУ мен №109 мектебі арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды! 🤝
Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті мен №109 мектебі арасында кәсіби бағдар беру және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
🤝 Ынтымақтастық аясында мектеп оқушылары университетке экскурсия жасап, оқу орнымыздың білім беру бағдарламаларымен, заманауи зертханаларымен және студенттерге жасалған мүмкіндіктермен танысты.
✨ Бұл кездесу – болашақ талапкерлерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беруге және мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Болашаққа бірге қадам басамыз! 💙