меню
Іздеу
03.11.2026
Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы сөздері

       Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы сөздері, баяндамалары мен ой-толғамдары топтастырылған жинақ  кітабын насихаттауға арналған танымдық-тәрбиелілік іс-шара өткізілді. Алматы қаласының студенттік омбудсмені Азамат Аманжолұлы   оқу орнының студенттеріне кітап аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     Кітаптың басты құндылығы – халықтың мемлекеттің басты қозғаушы күші екенін нақтылап берген. Мемлекет басшысы әр тұжырымы арқылы мықты халық – мықты мемлекеттің тетігі, бүгін саналы ұрпақты тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз, қоғамның барлық саласында «Толық адам» іліміне бас ұрсақ, кемдік көрмейтініміз турасында да жан-жақты жеткізген.  «Абай ілімі ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс» деген қадау-қадау ойлары үлкен ойларға жетелейді.  «Әділетті, таза, қауіпсіз, қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз», – деп бір ауыз сөзбен ұлттық идеологияны негіз еткен болашағымызды айқындап берген.  

     Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салып, ашық пікір алмасты.