меню
Іздеу
02.04.2026
Физиктер лигасы

Құрметті қатысушылар!

Сіздерді 2026 жылғы 3 сәуір күні сағат 14:00-де МТГУ-де өтетін «Физиктер лигасы» интеллектуалдық конкурсына қатысуға шақырамыз.

Сіздерді тартысты сайыс, қызықты тапсырмалар, сондай-ақ физика саласындағы білімдеріңізді, логикалық ойлау қабілетіңізді және шығармашылық әлеуетіңізді көрсету мүмкіндігі күтеді.

Бүгінде физика тек оқу пәні шеңберімен шектелмей, ғылыми дүниетанымды қалыптастырып, сыни ойлауды дамытады және қоршаған әлемнің заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. «Физика — жай ғана ғылым емес, ол әлемді танудың тәсілі» деп бекер айтылмайды.

Осыған орай, байқау Алматы қаласының студенттері арасында ғылыми ойлауды, шығармашылық әлеуетті және академиялық белсенділікті дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, іргелі ғылымдарға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

I кезең — «Таныстыру – үй тапсырмасы» Қатысушылар өз командаларын бейнеролик форматында таныстырады. Бұл кезеңде олардың мотивациясы, физикаға қызығушылығы, коммуникативтік дағдылары және командада жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Бейнероликтің ұзақтығы — 3–4 минут.

II кезең — «Интеллектуалдық тест» Физиканың базалық және қолданбалы сұрақтары бойынша тестілеу форматында өткізіледі. Мақсаты — студенттердің аналитикалық ойлау қабілеті мен теориялық дайындық деңгейін бағалау.

III кезең — «Физикалық баттл» Командалар тәжірибе жүргізіп, оның нәтижесін түсіндіреді. Көрсетілімнен кейін қарсыластар немесе қазылар алқасы тарапынан нақтылау сұрақтары қойылуы мүмкін. Бағалау критерийлері: дәлдік, ойлау жылдамдығы және өз ұстанымын дәлелдей білу.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға келесі ақшалай сыйлықтар табысталады:

🥇 I орын — 150 000 теңге 🥈 II орын — 100 000 теңге 🥉 III орын — 70 000 теңге

📍 Өтетін орны: МТГУ, Мамыр-1 ықшамауданы, 21/1 📅 Күні: 2026 жылғы 3 сәуір ⏰ Уақыты: 14:00

Сіздерді байқауымыздың қатысушылары қатарынан көруге қуаныштымыз!


Уважаемые участники!

Приглашаем вас принять участие в интеллектуальном конкурсе «Лига физиков», который состоится 3 апреля 2026 года в 14:00 в МТГУ.

Вас ждёт увлекательное соревнование, интересные задания, возможность проявить свои знания, логическое мышление и творческий подход в области физики.

Сегодня физика выходит далеко за рамки учебного предмета — она формирует научное мировоззрение, критическое мышление и способность понимать закономерности окружающего мира. Недаром говорят: «Физика — это не просто наука, это способ понимать мир».

В этой связи конкурс направлен на развитие научного мышления, творческого потенциала и академической активности обучающихся города Алматы, поддержку талантливой молодежи, формирование устойчивого интереса к фундаментальным наукам и укрепление межвузовского сотрудничества.

Конкурс будет проходить в три тура:

I тур — «Знакомство – домашнее задание» Участники представляют свои команды в формате видеоролика, демонстрируя мотивацию, интерес к физике, коммуникативные навыки и умение работать в коллективе. Продолжительность видеоролика — 3–4 минуты.

II тур — «Интеллектуальный тест» Проводится в формате тестирования по базовым и прикладным вопросам физики с целью оценки аналитического мышления и теоретической подготовки студентов.

III тур — «Физический баттл» Команды проводят эксперимент и объясняют результат. После выступления возможны уточняющие вопросы от соперников или жюри. Оцениваются точность, скорость мышления и умение отстаивать свою позицию.

По итогам конкурса победителям будут присуждены следующие денежные призы:

I место — 150 000 тенге II место — 100 000 тенге III место — 70 000 тенге

📍 Место проведения: МТГУ, мкр. Мамыр-1, д. 21/1 📅 Дата: 3 апреля 2026 года ⏰ Время: 14:00

Будем рады видеть вас среди участников нашего конкурса!

С уважением, Организационный комитет конкурса «Лига физиков»