Бүгін университетімізде дебат клубының алғашқы ойыны өтті! 🎤
Ойын өте сәтті өтті деп айтуға болады. Төрайым болған қазылар алқасы студенттердің тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне, алғырлығына риза болып, жылы лебіздерін білдірді.
Бұл дебат тек сөз сайысы ғана емес, студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізуге, сенімділік пен лидерлікті шыңдауға үлкен ықпал етті.
🌟 Бекежан мен Ақерке – өз көшбасшылығымен ерекше көзге түсті. 🔥 Жанат пен Ерасыл – тартысты ойын көрсетіп, қызықты пікірталас өрбітті. 💡 Гүлбану мен Шұғыла – белсенділігімен, ойларының тереңдігімен ерекшеленді.
Осындай ойындар студенттік өмірге жаңа серпін беріп, жастардың белсенділігін арттыра түсетіні анық.
📢 Құрметті студенттер! Сіздерді де келесі дебат ойындарына шақырамыз. Қатысыңыздар, пікір алысыңыздар, өз ойыңызды еркін жеткізіңіздер. Студенттік өмірді тек сабақпен ғана емес, мәнді де қызықты сәттермен толықтырыңыздар! ✨