меню
Іздеу
19.03.2026
Бүгін Көліктегі автоматтандыру және электр энергетика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған салт-дәстүрді таныстыру шарасы және студенттердің флэшмобы өтті.

Бүгін Көліктегі автоматтандыру және электр энергетика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған салт-дәстүрді таныстыру шарасы және студенттердің флэшмобы өтті.

Университет ауласында тұсау кесу рәсімінен көрініс көрсетіліп, синхронды домбырашылардың әсем күйі орындалды. Сонымен қатар, студенттер флэшмоб ұйымдастырып, қазақтың ұлттық биі - қара жорғаны биледі.

Бұл шара Наурыз мейрамының кең көлемде тойланатынын, оның адамдарға ерекше көңіл күй сыйлайтынын, сондай-ақ жаңару мен жаңғырудың айқын белгісі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Қонақтар қазақтың дәстүрлі ас мәзірімен танысып, мерекелік көңіл күйге бөленді.

https://www.instagram.com/reel/DWEijK-DIZx/?igsh=MThkNmR1ZHExY3R4bQ==