Шаңырақ күніне орай Бизнес және басқару кафедрасы мерекелік концерт ұйымдастырып, студенттер өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Ұстаздар ұлттық дәмнен ақ дастархан жайып, барша қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шаңырақ – қазақ халқы үшін тек киіз үйдің бөлігі ғана емес, ол – отбасының, бірліктің, ұрпақ сабақтастығының символы. Әр шаңырақта береке мен жылулық сақталып, ұлттың рухы жалғасады. Сондықтан бұл күн – біздің тамырымызды, дәстүрімізді және ортақ құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше мереке.
Осындай игі шара арқылы біз бір шаңырақ астында бірігіп, ұлттық рухымызды тағы бір мәрте сезіндік 🤍
https://www.instagram.com/reel/DWBFq7OjOnG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==