1-курс студенттерінің қызықты кездесуі 🏛️
Бүгін 1-курс ТС және С тобының студенттері Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі Сәкен Нарыновтың шеберханасына барып, құрылыс пен сәулет мамандықтарының қыр-сырымен танысты.
Кездесу барысында студенттер кәсіби тәжірибе, шығармашылық идеялар мен құрылыс саласының болашағы туралы толық мәлімет алды. Тіпті кейбір студенттердің өз мамандығына деген көзқарасы өзгеріп, құрылыс бағытына деген қызығушылығы артты.
Бұл кездесу жас мамандардың болашақ кәсібін тереңірек түсініп, жаңа мақсаттар қоюына үлкен серпін берді! 💡