меню
Іздеу
АБИТУРИЕНТТЕРГЕ

Қабылдау комиссиясы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қабылдау комиссиясының негізгі міндеті – қабылдау науқанын ұйымдастыру: ЖОО-ға түсетін тұлғалардан құжаттарды қабылдау және оқу орнына түсуді қамтамасыз ету.

Қабылдау комиссиясының негізгі жұмысы ағымдағы оқу жылына қабылдау ережелерін әзірлеу болып табылады.

Қабылдау комиссиясы мерзімді түрде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады және болашақ талапкерлердің ауызша және электронды сұрауларына жауап береді. Баспаға жіберуге байланысты жарнамалық брошюраларды, буклеттер мен анықтамалықтарды дайындайды; Қабылдау комиссиясының стендтерін құрастырады. Кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізеді және дайындық курстарын ұйымдастырады.

ОҚУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 1 МАУСЫМНАН 25 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖҮРЕДІ.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы – Өмірғазынов Айдархан Абайұлы

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жетісу-1 ықшамауданы, 32а үй

Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті, 1 корпус, 110а кеңсе

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 8.00-17.00

Сенбі күні 9.00-15.00

Байланыс телефондары: 8(727) 381-43-34; 376-74-78 (ішкі.555);

+7-705-100-0966, +7-747-012-6987
pk@mtgu.edu.kz

Қабылдау комиссиясының функциялары
  • қабылдау комиссиясының пәндік комиссиялары мен техникалық персоналының құрамын қалыптастырады;
  • түсу емтихандарының (сынақтарының) және консультациялардың кестесін жасайды; - талапкерлерден құжаттарды қабылдайды;
  • оқуға түсушілерді түсу сынақтарын тапсыруға жіберу туралы мәселелерді шешеді және олардың конкурсқа қатысу шарттарын айқындайды;
  • түсу емтихандарын (сынақтарын)өткізеді;
  • оқуға түсушілердің жазбаша емтихан жұмыстарын шифрлауды және дешифрлеуді жүргізеді;
  • 1 курсқа қабылдау тізімдерін қалыптастырады;
  • ақылы оқыту шарттарын ресімдейді.

Жоғары оқу орнына құжаттарды қабылдау кезінде қабылдау комиссиясының өкілі, талапкерді, білім беру қызметін жүргізу құқығын растайтын лицензиямен, сондай-ақ жоғары кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты беруге құқық беретін әрбір білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік аккредиттеу туралы куәлікпен таныстыруға міндетті.

Қабылдау үшін құжаттар тізімі:

Қабылдау үшін құжаттар тізімі:

  • арнайы бланкідегі өтініш;
  • қосымшасы бар аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • көлемі 3х4-2 дана екі фотокарта;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • флюорографиялық суреті бар 075 - У нысанындағы медициналық анықтама.
  • ҰБТ сертификаты.


Шетел азаматтары мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған құжаттарды қосымша тапсырады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі-2 дана;
  • білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы куәлік (бар болса);
  • аттестаттың немесе дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі-2 дана;
  • жоғары білімі немесе колледж дипломы бар адамдар білім беру қызметіне оқу орны лицензиясының көшірмесін немесе аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.


Мемлекеттік білім беру гранттарына арналған конкурсқа қатысу үшін 13-20 шілде аралығында төмендегі құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

  • арнайы бланкідегі өтініш;
  • қосымшасы бар аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • ҰБТ немесе КТ тапсыру туралы мемлекеттік сертификат;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.


Конкурсқа қатысу және ақылы-шарттық негізде оқу үшін шекті балл - кемінде 50 балл және әрбір пән бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс. Оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылығы кемінде 3 балл.

Құжаттар
ХКГУ ақпараттық буклеті
«Профориентациялық жұмыстың тиімділігі» анкетасы
Қабылдау комиссиясы туралы ереже
Сұхбат өткізу қағидалары туралы ереже
Оқуға қабылдау ережелері
Дайындық бағыттары бойынша сұхбаттасу бағдарламалары