меню
Іздеу
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі магистратурадан білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісінің жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің миссиясы: жоғары білікті кәсіби практиктер мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; басым салалардың талаптарын ескере отырып, Қазақстанда және әлемде бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін құру.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің мақсаты: магистранттардың оқу, ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстарын үйлестіру, ғылыми-практикалық ынтымақтастықтың инновациялық бағыттарын жүзеге асыру, Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің педагогикалық байланыстарын кеңейту, инженерлер мен менеджерлерді тарту.

Негізгі функциялары мен міндеттері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің негізгі функциялары мен міндеттері:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу процесін ұйымдастыру және үйлестіру.

Магистратураның оқу процесін реттейтін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу.

Магистратураның білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексеру.

Магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі және академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Қорытынды аттестацияны ұйымдастыру және бақылау.

Білім беру қызметіне лицензия алу үшін магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларына құжаттарды дайындау.

Контактілер

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің директоры – Алмагүл Шайхеслямқызы

Мекен-жайы: Алматы қ., 050063, шағын аудан. Жетісу-1, 32А корпусы

1 оқу корпусы, кабинет 109

Жұмыс уақыты күнделікті 8:00-17:00

Байланыс телефондары: 8-727-376-74-78 (ішкі 606).

Құжаттар
Магистратураның бейіндік бағытына арналған сұхбаттасу бағдарламасымен сұрақтары