меню
Іздеу
Конкурсы

2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстық құжаттама келесі сайттарда орналастырылған:
– ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru
– «Ғылым қоры» АҚ https://science-fund.kz/
– «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) https://www.ncste.kz/ru/competition.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 10 желтоқсан
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 10 қаңтар


«Жас ғалым» жобасы бойынша 2026–2028 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) 2026–2028 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының өткізілетінін жариялайды.

Конкурс келесі ғылым дамуының басым бағыттары бойынша өткізіледі:

– Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
– Энергетика, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Конкурсқа өтінімдер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы келесі сілтеме бойынша беріледі:
https://is.ncste.kz

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 29 қыркүйек
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 29 қазан (қоса алғанда)

Конкурстық құжаттама 


2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының өткізілетінін хабарлайды.

Конкурс келесі ғылым дамуының басым бағыттары бойынша өткізіледі:

– Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
– Энергетика, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Конкурсқа өтінімдер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы келесі сілтеме бойынша беріледі:
https://is.ncste.kz

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 6 қазан
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 6 қараша (қоса алғанда)

Конкурстық құжаттама