меню
Іздеу

Омаров Амангелді Жұмағалиұлы

Президент, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі

Телефон: 8-727-376-74-78

Электрондық поштасы: info@mtgu.edu.kz

ТӘЖІРИБЕ

1966 жылы Қазақ темір жолының Арыс жол бөлімшесінде бригадир, одан кейін аға бригадир қызметтерін атқарды. 1971 жылы Балқаш жол басқармасының бастығы болды,

1972 жылы Қарағанды жол басқармасының бастығы болды,

1977 жылы Қарағанды филиалының жол бөлімшесінің бастығы, жол-құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, бас инженері болды,

1983 жылы Алматы темір жолы бастығының орынбасары, кейін бастығы болды,

1997 жылы «Қазақстан темір жолы» Қазақ мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды,

1997 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры болды. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің президенті.

БІЛІМІ

Жоғары білім, Новосибирск теміржол инженерлері институты, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Марапаттары: 1975 ж. - «Ерен еңбегі үшін» медалі және «ҚР көлік саласының құрметті қызметкері»,

1992 ж. - «Құрметті теміржолшы» төсбелгісі,

1986 ж. - «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері», 2001 ж. - «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі,

2015 ж. - Н. Назарбаевтың алғыс хаты,

2016 ж. - «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі,

2016 ж. - «Құрмет» ордені, 

2019 ж. - Қ. Тоқаевтың алғыс хаты 

 .

Қоғамдық жұмыс: И.Раззақова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде ғылым докторы (ғылым кандидаты) дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі (Бішкек, Қырғызстан); «Омбы аймақтық институтының хабаршысы» журналының редакциялық алқасының мүшесі (Омбы, Ресей); Жоғары оқу орындарына арналған білім беру басылымдарының бүкілресейлік халықаралық байқауының сараптамалық комитетінің мүшесі (Мәскеу, Ресей).

БАСЫЛЫМДАР

60-тан астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, сондай-ақ «Қазақ көлік және коммуникация академиясының хабаршысы» (2000) және «Қазақстанның өнеркәсіптік көлігі» (2004) журналдарын құрудың бастамашысы.