меню
Іздеу
25.12.2024
«Жылдың үздік студенті — 2024» халықаралық байқауында MTGU-дің “Құқықтану” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мошанов Әлібек ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

NAcSIR (National Academy of Scientific and Innovative Research) ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік студенті — 2024» халықаралық байқауында MTGU-дің “Құқықтану” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мошанов Әлібек ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әлібектің қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған “Қазақстан Республикасындағы эвтаназияның құқықтық реттелуі” атты ғылыми мақаласы аталған байдауда жүлделі 2 орын алды.

Студентіміздің ғылыми жетекшісі, “Әлеуметтік ғылымдар және құқық” кафедрасының аға оқытушысы, Заң ғылымдар магистры Байжұманова Әйгерім Мажибековна алғыс хатпен марапатталды. Әйгерім Мажибековна өз шәкірті Әлібектің жетістігін ерекше атап өтіп, оның болашақ ғылыми жұмысы мен қабілеттеріне жоғары сенім білдірді.

Бұл халықаралық байқау студенттердің ғылыми және шығармашылық қабілеттерін көрсету үшін үлкен мүмкіндік туғызып, еліміздің білім жүйесін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Бұл жеңіс MTGU университетінің де білім саласындағы жоғары деңгейін көрсетеді.

MTGU-дің осындай талантты студенттерімен мақтанамыз және оларға жаңа биіктерге жетуді тілейміз!