Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл – Тәуелсіздіктің 35 жылдығы атап өтілген жылы, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Құрылтай алдында жасалған алғашқы Жолдау болды.
Президент ұлт алдындағы стратегиялық міндетті айқын белгіледі: жас ұрпаққа экономикасы қуатты, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға сүйенетін, заң үстемдігі орнаған озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру. Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің «Бизнес және басқару» кафедрасының ұжымы бұл бағытты толық қолдайды. Жолдаудың экономикалық бөлімі кафедрамыздың оқыту және зерттеу салаларымен тікелей үндес болғандықтан, оны іске асыруға белсенді атсалысуды өз міндетіміз деп санаймыз.
Жолдаудағы экономикалық саясаттың басты өлшемі – азаматтардың әл-ауқаты. Президент инфляцияны азаматтардың табысын күн сайын кеміретін «үнсіз жау» деп атады. Баға өсуі баяулағанымен, оның деңгейі әлі де жоғары. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық банкке салық-бюджет саясатын теңдестіріп, еңбек өнімділігін арттыру арқылы бағаны тұрақтандыру тапсырылды.
Қаржы секторына жаңа талап қойылды. Банк активтері 75 трлн теңгеден, депозиттер 52 трлн теңгеден асты, олардың 78%-ы теңгемен сақталады. Енді бұл ресурс инвестициялық несиеге бағытталуы тиіс. Узақ мерзімді қаржыландыруға банктерді, даму институттарын, халықаралық қаржы ұйымдарын және БЖЗҚ қаражатын жұмылдау, ал капитал нарығы туралы заң арқылы KASE, АХҚО және Alatau City-ді біртұтас экожүйеге біріктіру көзделіп отыр.
Жолдаудың ең ірі бастамасы – «Халықтық құрылыс» бағдарламасы. Президент оны төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба деп атады, ал 2027 жыл Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы болып жарияланбақ. Аурухана, мектеп, спорт пен мәдениет нысандарын, қолжетімді баспана салу, елді мекендерге газ бен ауыз су жеткізу жоспарлануда. Инфрақұрылымға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағытталмақ.
Экономикалық өсімнің тағы бір шарты – энергетика. Қазіргі 123 млрд кВт·сағ өндіріс көлемі жеткіліксіз деп танылды. Міндет – 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне шығу және 2027 жылы Балқаш АЭС құрылысын бастау.
Президент «Салық кодексі – догма емес» деп, бизнестің пікірін ескеріп, екіұшты нормалар мен әкімшілік кедергілерді жоятын нүктелік өзгерістер пакетін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар аса ірі байлық иелері үшін жоғары салық мөлшерлемесін талқылау ұсынылды. Бұл жерде заңды активтерді шектеу емес, әр азаматтың ел дамуына мөлшерлі үлес қосуы туралы сөз болып отыр.
Мемлекеттік бақылаудың бизнеске әсері нақты дерекпен көрсетілді: биылғы бірінші жартыжылдықта жеке кәсіпкерлердің бұзушылықтары 34%-ға азайғанымен, айыппұл сомасы шамамен 11%-ға өсті, ал жоспардан тыс тексерулер ондаған есе көбейді. Сондықтан Жолдауда нақты шаралар ұсынылды:
Бюджет пен салық әкімшілендіруінде жасанды интеллектіні енгізу, қазынашылықты толық цифрландыру тиімсіз шығындарды жоспарлау кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.
Көлік саласына маман даярлайтын университет үшін Жолдаудың логистикаға арналған бөлімі ерекше маңызды. Қытайдан Еуропаға баратын құрлықтағы жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Президенттің сөзінше, Қазақстан осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс.
Жаңа міндет – тек транзиттік дәліз болу емес, халықаралық жүк ағындарын ұйымдастырушыға айналу. Ол үшін отандық логистикалық операторларды дамыту, жүкті шоғырландыру және тарату орталықтарын құру, көлік тораптары маңында жаңа өндірістер ашу қажет. Шекарадағы кезектерді жою, 2027 жылы барлық автомобиль өткізу пункттерін қайта жаңарту және логистиканы қағаз жүкқұжаттардан цифрлық форматқа көшіру тапсырылды.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін өседі. Бұл шара 1,8 млн адамның, оның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттырады. Сондай-ақ сол күннен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмектің учаскелік қызметкерлерінің жалақысы еңбек өтіліміне қарай 40%-ға дейін артады.
Сонымен бірге Президент әлеуметтік көмек шынымен мұқтаж адамға жетуі керек екенін атап өтті. Қажеттілігі жоқ жәрдемақы төлеу – популизм. Білім беру саласында мұғалімдердің қағазбастық жүктемесін азайту, педагогтардың құқығын қорғау және ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 мыңнан астам балаға арналған инклюзивті орталықтар салу міндеті қойылды.
Кафедра ұжымы Жолдауда белгіленген бағыттарды толық қолдайды. Тапсырмалардың нақты мерзімдері мен жауапты органдары айқындалып, реформаларды алдымен пилоттық сынақтан өткізу қағидаты бекітілді. Бұл міндеттердің нәтижелі орындалуына берік негіз қалайды.
Жолдаудың үш бағыты кафедра қызметімен ерекше үндес:
Кафедра Жолдаудағы міндеттерді өз білім беру бағдарламалары арқылы іске асыруға үлес қосады:
«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіндегі нақты іс-қимыл жоспары. Бизнес және басқару кафедрасы Жолдаудағы міндеттерді толық қолдайды. Кафедра оларды іске асыруға сапалы кадр даярлау, қолданбалы зерттеулер жүргізу және студенттерді ел дамуына белсенді араласуға тәрбиелеу арқылы үлес қосуға дайын.
«Бизнес және басқару» кафедрасының ұжымы