1 қазан күні университетімізде Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті! 🎉
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күйге, жылы лебіздерге, әсем ән мен ерекше эмоцияларға толы болды. Университетіміздің дамуына үлес қосып жүрген оқытушылар мен қызметкерлерге алғыс айтылып, еңбектері лайықты бағаланды.
Бұл күн әріптестеріміздің басын қосып, ортақ жетістіктерімізді атап өтіп, бір-бірімізге ізгі тілектер арнаған ерекше сәттерге толы болды. ❤️
Барша жоғары білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз білімді, абыройларыңыз асқақ болсын! Университетіміздің дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! 🌷
Мерекелеріңіз құтты болсын! 🥳