Қазақстан теміржолында қозғалыстың қауіпсіздігіне жауапты бас ревизор болып жұмыс атқарған, құрметті теміржолшы Жұбаназар Абдығалиұлы Төребеков - MTGU университетінің қадірлі оқытушысы.
Жұбаназар Абдығалиұлының жалпы еңбек өтілі 45 жылды құраса, соның 30 жылдан астамын басшылық лауазымдарда өткізген. Ревизор ретінде 20 жылға жуық атқарған қызметі осы саланың ерекше тәжірибелі маман екенін дәлелдейді
Жұбаназар Абдығалиұлы «Адал еңбегі үшін» белгісімен және «Қазақстан темір жолының 110 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған, бұл оның кәсіби жетістіктерінің айғағы.
Осындай білікті және тәжірибелі оқытушымыздың барына мақтанамыз әрі қуанамыз. Жұбаназар Абдығалиұлының студенттерге тәжірибесі мен білімін бөлісуі – біз үшін үлкен мәртебе. Біз Жұбаназар Төребеков сияқты ұстаздан үлгі алып, жолын қуып, еліміздің теміржол саласын дамытуға үлес қосуға тырысамыз.
Жұбаназар Абдығалиұлы Төребеков оқытушымызбен интервьюдің толық нұсқасы Youtube арнамыздан көре аласыздар. Сілтемесі профильдің БИО-сында
https://youtu.be/iiURHW1ceDg https://www.instagram.com/reel/DE7HLeaCmam/?igsh=cDQ0cnZ6NmJsbmxz