меню
Іздеу
14.03.2025
«Жастар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу» жобасы аясында «ReStart» тақырыбында студент жастармен кездесу

? Қызықты деректер: ? Лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) — психикалық денсаулықтың бұзылуы, ол адамның ойын процесін бақылауын жоғалтуына әкеледі. ? Зерттеулерге сәйкес, құмар ойындарға тәуелді жастардың саны жыл сайын артып келеді. ? Қазақстанда құмар ойындардың кесірінен қарызға батқан жастардың саны көбейіп, олардың оқу үлгерімі мен әлеуметтік өміріне теріс әсер етуде. ? Лудоманияға шалдығу көбінесе жалғыздық, күйзеліс, өзін-өзі бағалаудың төмендігі және эмоционалдық тұрақсыздықпен байланысты.

❗ Осы мәселелердің алдын алу мақсатында, біз, “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қоры «Возрождение Лайф» оңалту орталығымен, Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастарды ақпараттандыру мен қолдауды көздейміз.

? 2025 ж 13 наурызда біздің қордың ұйымдастыруымен Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде «Жастар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу» жобасы аясында «ReStart» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Іс-шара жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

? Кездесу барысында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар алды. Сонымен қатар, ойынға тәуелділіктен құтылу жолдары және оның психологиялық әсерлері талқыланды.

? Өміріңізді басқару — өз қолыңызда! Құмар ойындарға “ЖОҚ” деңіз!

https://www.instagram.com/reel/DHJof-4u5hM/?igsh=MWN4MGxmNjVzZDE2NQ==