Бүгін біздің университеттің проректоры Майлыбаев Ерсайын Құрманбайұлымен қатар профессор оқытушысы Иманбердиев Доқтырбай Жақыпбаевич Әуезов ауданы әкімінің алғыс хатын алды. Оларды шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс хатта: Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрақтылықтың сақталуына қосқан үлесіңізге және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарған еңбегіңіз бен кәсіби біліктілігіңіз үшін алғыс білдіремін. Деніңізге саулық, отбасыңызға баянды бақыт, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге жеміс тілеймін. Еліміздің өркендеуі мен бірлігін нығайту жолындағы адал еңбегіңіз, аянбай атқарып жатқан қызметіңіз – жастарға үлгі тұтар өнегелі іс-әрекет. Осы мерекеде Сізге зор денсаулық, отбасылық тыныштық пен береке, кәсіби қызметіңізге табыс пен шығармашылық жетістіктер тілеймін. Алдағы уақытта да Сіздің сарқылмас энергияңыз бен жоғары патриотизміңіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында жемісті еңбек етуге мүмкіндік берсін.
Ізгі ниетпен, Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев