🎓 Студенттеріміз халықаралық олимпиадада білімдерін сынға салды!
Оқу орнымыздың студенттері IX Халықаралық студенттердің сырттай олимпиадасына қатысып, білім мен кәсіби даярлықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
📌 Олимпиада тақырыбы: «Логистика және маркетингтегі цифрлық технологиялар» 📍 Өткізілген орны: Farabi University
Олимпиадаға оқу орнымыздың Orleu Team командасы қатысты. Команда құрамында:
🔹 Белая Лия 🔹 Махсатқызы Анель 🔹 Чуманова Халима
Студенттерімізге ғылыми жетекшілік еткен — Избуллаева Гульфайруз Мухпуловна.
Халықаралық деңгейдегі зияткерлік додаға қатысу – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.
✨ Командамызға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!