меню
Іздеу
08.05.2024
Студентіміз Ерланов Досымжан, ШЧ-33, цех-4, Алматы-1 станциясында Электромеханик СЦБ мамандығы туралы

Белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолдың күретамыры десек те болады. Байланыс болмаса қозғалыс та жоқ, пойыздар тоқтайды. Яғни еліміздің саяси әрі экономикалық өркендеуіне тура ықпал ететін сала болып табылатыны анық.

Осындай маңызды мамандықты игеріп жатқан студентіміз Ерланов Досымжан, ШЧ-33, цех-4, Алматы-1 станциясында Электромеханик СЦБ болып жұмыс атқарады. Досымжан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, байланыс пен СОБ құрылғыларының ақаусыз, үздіксіз жұмыс істеуін қадағалайды. Өз жұмысын тиянақты істейді, жұмысы өзіне ұнайды, сондықтан болашақта биіктен көрінуіне кәміл сенімдіміз.

Сіз Досымжан студентіміз сияқты қоғамға, адамдарға пайдасы тиетін мамандықты іздеп жүрсеңіз, онда біздің университет теміржол саласы, экономикалық және гуманитарлық бағытта мамандар даярлайды. Келіңіздер, біз сіздерді асыға күтеміз!

сцб #алматы-1 #теміржолшы

https://www.instagram.com/reel/C6sx_0_CXvc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==