🏆 Республикалық НИРМ байқауындағы жүлделі орын!
Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің магистранттары Серік Қуаныш пен Еділбаев Олжас магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында (НИРМ) «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша III орынға ие болды.
Ғылыми жетекшісі - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі Оралбекова Аяулым Оралбекқызы.
Бұл жетістік магистранттарымыздың білімге деген құштарлығы мен ғылыми ізденісінің нәтижесі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы ғылыми жұмыстарында жаңа белестер мен көп жеңістер тілейміз!
🏆 MTGU – ғылым мен білім жолындағы жетістіктер мекені!