MTGU студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында құқықтық тақырыптағы фильмдер көрсетілді
Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау аясында студент жастарға арналған тәрбиелік әрі танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған көзқарасты дамыту.
Кездесу барысында студенттерге «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер ұсынылды. Аталған туындылар жастар арасында кездесетін құқықбұзушылықтардың салдарын көрсетуге және заң талаптарының маңызын түсіндіруге бағытталған.
Фильмдерде заңға қайшы әрекеттердің салдары, әлеуметтік желілер арқылы таралатын күмәнді ұсыныстардың қаупі, сондай-ақ агрессия мен буллингтің қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен бейнеленген. Бұл өз кезегінде студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға және әр адамның өз әрекеті үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Көрсетілімнен кейін студенттер арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, фильм мазмұны бойынша белсенді талқылау өтті. Қатысушылар жастарды заңсыз әрекеттерге тартудың түрлі тәсілдерін, оның психологиялық және әлеуметтік салдарын саралап, қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, кездесуде құқықтық жауапкершілік мәселесі де қарастырылды. Студенттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықбұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің негізгі кепілі екені атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар студент жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DWBAqr3jBZI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==