MTGU студенттері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында “Мәңгілік бала бейне” спектаклін тамашалады. Режиссер Болат Атабаевтың және Елік Нұрсұлтанның бұл шығармасы күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын терең әрі шынайы жеткізеді.
Қойылымда Семей ядролық полигонының зардабын бастан кешіріп, аман қалған халықтың тағдыры баян етіледі. Мүгедек қыз Ләйләнің өмірі арқылы Семей полигонының елге тигізген зардабы, өмірдің ауыртпалықтары мен әділетсіздіктері шеберлікпен көрсетілген.
Студенттер мен оқытушылар спектакльден зор әсер алып, рухани демалыс ұйымдастырғаны үшін оқу орнымызға және @auezovtheatre-ке шексіз алғысымызды білдіреміз!
Спектакль көруден, актерлермен кездесуден қандай әсер алдыңыздар?