меню
Іздеу
06.10.2025
🥋 МТГУ студентінің жеңісі!

🥋 МТГУ студентінің жеңісі!

02–06 қазан 2025 жыл аралығында Алматы қаласында өткен Комбат дзю-дзюцудан Қазақстан Республикасының чемпионатында (U18–20) біздің университеттің студенті, "Есеп және аудит" мамандығының 2-курс студенті Бейсембек Нұрислам ерекше жетістікке жетті! 🇰🇿

💪 Нәтижелері:

🥈 Close Contact – II орын

🥇 Full Contact – I орын

Осылайша, Нұрислам 57 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды! 🏆

МТГУ ұжымы студентімізді шын жүректен құттықтайды! Болашақта бұдан да жоғары белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 💛