меню
Іздеу
23.12.2024
MTGU студентi Досымжан Ерланұлы “100 жас есім” престижді жобасының іріктеуінен өтіп, төсбелгімен марапатталды

MTGU университетінің “Автоматтандыру және басқару” мамандығына оқып жатқан талантты студент Досымжан Ерланұлы “100 жас есім” престижді жобасының іріктеуінен өтіп, төсбелгімен марапатталды. Құттықтаймыз!

Бұл марапат “Қазақстан темір жолы” ҰК АҚ-ның Алматы белгі беру және байланыс дистанциясы, Алматы-1 бекетінде қызмет атқаратын студентіміздің жемісті еңбегі үшін берілген. “100 жас есім” жобасы дарынды жастардың кәсіби өсуіне және олардың жаңашыл идеяларын дамытуға бағытталғандықтан, студентіміз болашақта үлкен белестерден көрінуіне кәміл сенеміз.

Жобаға қатысушылар компанияның имиджін жақсарту, болашақ лидерлерді анықтау, кадрлық резервті қалыптастыру және компания мәдениетінің дамуына үлес қосуы керек. Мұндай талаптарға сай келу – шынында да үлкен жетістік!

Досымжанның жетістіктері осымен шектелмейді: ол корпоративтік волонтерлік жобада “Табиғатқа қамқорлық” номинациясы бойынша II орынды иеленді.

Осындай белсенді және талантты студентімізбен мақтанамыз және оны баршаға үлгі етеміз!