МТГУ-дың «Көлік құрылысы, көпірлер және тоннельдер» кафедрасының студенттері Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысты.
Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің В073 «Сәулет және құрылыс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттері 2025–2026 оқу жылындағы Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысты.
Олимпиада 2026 жылғы 8–9 сәуірде «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС базасында өтті.
Университет атынан студенттер аға оқытушы Тұрдәлі Берік Тұрсынәлиұлының жетекшілігімен қатысты: • Тылекенов Адиль Адылетович; • Рүстем Дастан Рүстемұлы; • Нурберген Жаннұр Нурымқызы.
Республикалық олимпиадаға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасағаны және дарынды жастарды қолдағаны үшін «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС-на (https://iec.edu.kz) алғысымызды білдіреміз.