меню
Іздеу
21.04.2026
Мұхтар Шаханов мұрасы – университет кітапханасында

Тағзым және тағылым

Бүгін МТГУ университетінің Әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндерінің кафедрасы кітапханамызға қазақтың көрнекті ақыны, драматургі, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 2023 жылғы 13 сәуірде университетімізге жасаған сапары кезінде тарту еткен және қолтаңбасы бар кітаптарының бірін ресми түрде табыстады.

Мұхтар Шаханов - қазақ руханиятының биік тұлғасы, ұлттың ар-намысы мен болмысын жырлаған қаламгер. Оның шығармалары өскелең ұрпақты елін сүюге, рухани құндылықтарды қадірлеуге үндейді.

Бұл кітап тек құнды жәдігер ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақ үшін үлкен тағылым көзі. ӘГ және ЖҒП кафедрасына осындай маңызды сый үшін алғыс білдіреміз!