Университетте «Тиімді дәріс: құрылымы, мазмұны, студенттерді тарту әдістері және материалды ұсыну техникасы» тақырыбында мастер-класс өтті.
Іс-шара барысында дәріс сабағын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Атап айтқанда, сабақтың мақсатын қоюдан бастап, оқу материалын логикалық тұрғыдан құрылымдау, интерактивті әдістерді қолдану және кері байланыс орнату мәселелеріне назар аударылды.
Оқытушының кәсіби жұмысындағы практикалық құралдарға ерекше көңіл бөлінді:
* проблемалық сұрақтар мен шағын сауалнамалар;
* кейстер мен практикалық жағдаяттар;
* мысалдар мен ұқсастықтарды қолдану;
* оқу материалын көрнекі түрде ұсыну;
* дауыс ырғағын, кідірістерді және дене қимылдарын тиімді пайдалану.
Қатысушылар әдістемелік ұсынымдармен танысып қана қоймай, дәстүрлі дәрісті студенттердің белсенді өзара әрекеттесуіне, талдауына және алған білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік беретін оқу кеңістігіне қалай айналдыруға болатынын талқылады.
Мастер-класстың негізгі идеясы: заманауи тиімді дәріс – бұл жай ғана ақпарат беру емес, студенттердің материалды түсінуіне, белсенділігін арттыруға және өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ұйымдастырылған білім беру үдерісі.
✨ Белсенді қатысқандары, кәсіби қызығушылық танытқандары және мазмұнды пікір алмасуға үлес қосқандары үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
В университете состоялся мастер-класс на тему «Эффективная лекция: структура, содержание, методы вовлечения и техника подачи материала».
В ходе мероприятия были рассмотрены современные подходы к организации лекционного занятия: от постановки цели и логического структурирования материала до использования интерактивных методов и обратной связи.
Особое внимание уделено практическим инструментам работы преподавателя:
-проблемным вопросам и мини-опросам;
-кейсам и практическим ситуациям;
-примерам и аналогиям;
- визуальной подаче учебного материала;
-эффективному использованию голоса, пауз и языка тела;
Участники не только познакомились с методическими рекомендациями, но и обсудили, как превратить традиционную лекцию в пространство активного взаимодействия, анализа и практического применения знаний.
Ключевая идея мастер-класса: современная эффективная лекция — это не просто передача информации, а организованный образовательный процесс, направленный на понимание, активность и самостоятельное мышление студентов.
✨ Благодарим участников за активное участие, профессиональный интерес и конструктивное обсуждение!